МӘСЕЛЕ

lat: MÁSELE /26/

ар. зат. 1. Шешімін табуды қажет ететін келелі іс-әрекет, алда тұрған міндет .

Ақындарымыздың жинақтарын оқу үстінде, күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселе азаматтық әуеннің тапшылығына көзім жетті (4,273).

Соншама көзге ұрып, ойсырап жатқан кемшіліктеріміз болмағанмен, қазіргі қазақ поэзиясының ойлантар мәселелері көп (4,316).

2. ауыс. Әңгіменің төркіні, мәні түйіні.

Мәселе тіпті де сюжетте, ұқсастықта емес. Мәселе адамның ет жүрегін езілтетін осы бір қайғылы халдің Еркеш поэмасында қаншама шарықтау шегіне көтеріліп, қаншама дәрежеде жариялануында (4,250).